» » Мәжілісте жаңа Еңбек кодексі таныстырылды

Мәжілісте жаңа Еңбек кодексі таныстырылды

Мәжілісте жаңа Еңбек кодексі таныстырылдыЕнді кез келген азамат сынақ мерзімінен өтпей-ақ жұмысқа қабылдана алады. Осылайша, оған бірінші күннен бастап өзге қызметкерлермен тең дәрежеде еңбекақы төленеді. Мәжіліс депутаттарына жаңа Еңбек кодексін таныстыру кезінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай деді,-деп жазады 24.kz
Министрдің пайымдауынша, 3 айлық сынақ мерзімінде қызметкер алаңдаумен жүріп, өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмай жатады. Бұдан бөлек, жаңа заң жобасында қызметкерді жұмыстан босатуға негіз болатын тармақтар саны артып отыр. Мысалға, кәсіпорынға түсетін тапсырыс азайып, пайда көзі төмендесе, кәсіпкер қызметкерді жұмыстан қысқартпай, оған толық емес еңбек уақытын бекітуге немесе басқа қызметке ауыстыруына болады. Ал маман белгісіз себептермен жұмысқа 1 ай ішінде келмесе, ол қызметінен босатылады. Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі: - Жобаны әзірлеу барысында әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің еуропалық, яғни континенттік, англо-саксондық, америкалық және қазақстандық талдау жасалды. Біздің Конституциямыз бойынша әрбір адамның еңбек ету еркіндігі, жасаған еңбегіне ешбір кемсітусіз ақы алу, сонымен қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану айқындалған. Осы негізгі қағидаттардың барлығы жаңа Еңбек кодексінде сақталып отыр. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының алғашқы бағыты бойыншабиыл 14 миллиондай қаржы бөлінген. Енді бұл ақшаинфроқұрлымдық жобалар ментұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға жұмсалмақ. Жоспар бойынша546 инфрақұрлымдық жобаны ауыл-аймақта жүзеге асыру көзделген. Осының есебінен8 мыңнан астам адамтұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Алғашқы нәтижелер дежоқ емес. Мысалы, осы жылдың бірінші тамызына дейін 6628 адам еңбекпен қамтылса, оның 3528-і бағдарлама нәтижесіндеекі қолға бір күрек тапқан.

Пікір: 0
Пікір қосу