
Тексеру барысында 2015 жылғы 29 шілдеде Тастандиев көшесінің 1-бұрылысында пәтер ұрлығын жасап, "ізін суытпай" ұсталған 1993 ж.т. Г.есімді жас жігіт ағымдағы жылдың мамыр айы мен шілде айының аяғы аралығында бұдан бөлек 9 пәтер ұрлығын жасағанын мойындады.
Екінші, 1979 ж.т. К. есімді, Жамбыл облыстық наркологиялық диспансеріне еріксіз емделуге орналастырылған күдікті де 7-мөлтекауданда орналасқан дүңгіршектен азық-түлік ұрлап "ізін суытпай" ұсталып, 7 бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы бойынша өз кінәсін толық мойындады.
Ұсталғандар өздерімен бірге ақшадан бөлек барлық бағалы алтын бұйымдарын, қол сағаттарын, ұялы телефондар, теледидар, тіпті микротолқынды пештер мен автокөліктің запас бөлшектерін де ала кеткен...
Барлық деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, заттай айғақтар алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта күдіктілер тұтқынға алынды. Олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша шаралар жүргізілуде.
«ZhambylNews» АА