» » «Ауылдың ең үздік жас спортшысы» анықталды

«Ауылдың ең үздік жас спортшысы» анықталды

«Ауылдың ең үздік жас спортшысы» анықталдыТараз. Zhambylnews – Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен облыстық «Ауылдың ең үздік жас спорт қызметкері» кәсіптік байқауы өтті.
Шара  жас мамандардың ауылдық жерлерде тұрақтануына ықпал ету, ауыл жастарына қолдау көрсету, олардың беделін, мерейін көтеру, кәсіби және шығармашылық деңгейлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. 
Сайысқа Жамбыл, Шу, Байзақ, Меркі, Сарысу, Талас, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарынан 8 үміткер қатысып, 4 номинация бойынша («Таныстыру сайысы», «Білікті маман - ел тірегі», «Мамандығым - мақтанышым», «Өнерлінің өрісі кең») сынға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды - Айберген Ниязов (Сарысу ауданы), ІІ орынды - Альмира Мукашева (Шу ауданы) иеленсе,  ІІІ орынды   Нұржан Ділдабаев (Байзақ ауданы) пен Елдос  Жанқоразов (Жамбыл ауданы) өзара бөлісті.
Сайысқа қатысқан үміткерлер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу