
Ұлттық сусындардың бойындағы минералдық күшін жоғалтып алмау үшін оған химиялық заттар қосылмайды. Есесіне майлы қаймақ араластырылады.Таза табиғи өнімге сұраныс та артқан. Наиланы әріптестері еркелетіп «қолы алтын қыз» деп те атайды. Себебі технолог әрдайым дәмі тіл үйіретін тәттілер мен эксклюзивті балмұздақтар жасайды. Бұл туындысы да – талай жылғы ізденісінің жемісі. Ол осылайша қазақ халқының мақтанышы болған ұлттық сусындарды дәріптеуді өз алдына мақсат етіп қойыпты. Наиля Махиянова, кондитерлік дүкендер желісінің технологы -Қымыз бен шұбат – біздің мақтанышымыз. Ұлттық сусындардан балмұздақ жасау екі жыл бұрын ойымызға келді. Былтырдан бастап нарыққа шықтық. Жаман емес. Сұраныс жоғары. Жазғы маусымда жаңа түрін ойлап табуға тырсамыз. Енді «пепси» қосылған балмұздақ жасап жатырмыз. Қымыз бен шұбаттан жасалған балмұздақтар қайнатылмайды. Тек бірнеше градус ыстықта ұсталып, залалсыздандырылады. Өйткені бие сүті мен қымыран тез бұзылады. «Сондықтан да олардың құрамына химиялық қоспаларды мүлдем жақындатпаймыз»,– дейді мамандар. Қанат Жүнісбеков, тілші -Шымкенттік технологтар түрлі жеміс-жидек пен тәттілер қосылған балмұздақтың 30-дан астам түрін жасап шығыпты. Ұлттық сусын қымыз бен шұбаттан жасалған балмұздақтың бір табағы 300 теңге тұрады. Қазір біз де қымыз бен шұбаттан жасалған балмұздақтың дәмін татып көрейік. Дәмі ерекше қымыз сияқты. Бал татиды. Технологтар бұдан бөлек кондитерлік тәтілердің түр-түрін шығарады. Безендірілуі де ерекше. Ал ұлттық сусындар – көпшіліктің жақсы көріп ішетін асы. Емдік қасиеті тағы бар. Мамандар: «одан балмұздақ жасау кезінде осы жағын да ескердік»,–дейді. Оған майлы қаймақ пен қант, жұмыртқаның ағы ғана қосылады екен. Динара Дүйсенбиева, Шымкент қаласының тұрғыны -Шұбаттың дәмі келеді. Бірақ йогурт секілді. Ауылда өстік. Шұбаттың дәмін білеміз. Оны талай ішкенбіз. Енді балмұздақты бірінші рет жеп тұрмын. Қаншама балмұздақтың ішінен таңдап алдым. Өзім де түсінбей қалдым қалайша бұлар шұбаттан балмұздақ жасаған деп. Эксклюзивті балмұздақ деп айтсам да болады. Өте керемет. Өзіме ұнады. Балмұздаққа қажетті қымыз бен шұбат жергілікті шаруалардан сатып алынады. Яғни ең таңдаулы деген өнімдер. Жергілікті технологтар қазірдің өзінде жұрт сүйсініп жейтін эксклюзивті балмұздақтардың ұлттық брендке айналатынана сенімді.