» » Британдық әйел 22 мың шақырымды жалғыз ұшып өтті

Британдық әйел 22 мың шақырымды жалғыз ұшып өтті

Британдық ұшқыш Трейси Кертис-Тейлор жалғыз өзі 1942 жылы құрастырылған шағын ұшақпен 22 мың шақырымды ұшып өтіп, Сидней әуежайына аман-есен қонды,-деп жазады 24.kz
53 жастағы ұшқыш бұл сапарға осыдан үш ай бұрын Ұлыбританияның Фарнборо қаласынан аттанған. Осы уақыт аралығында ол 23 мемлекеттің әуе кеңістігін бағындырыпты. Мұндай саяхатқа шығуынаотандасы Эми Джонсон себеп болған. Ол 1930 жылы жалғыз өзі Англиядан Австралияға дейін сапарлаған еді. Трейси Кертис-Тейлор, ұшқыш: - Білесіз бе, адамдар мұндай қадамға неліктен барады? Себебі Жер шарының тең жартысын жоғарыдан, яғни Жерге жақын ұшып бақылайсың. Әлемдегі ең керемет табиғи көріністердің куәсі боласың. Мұндай ғажапты біздің ғаламшарда бірнеше адам ғана көре алған.



Пікір: 0
Пікір қосу