» » Ғалымдар баланың бойындағы ұшқалақ мінезді қойдырудың амалын тапты

Ғалымдар баланың бойындағы ұшқалақ мінезді қойдырудың амалын тапты

АҚШ-тың Боулдер қаласындағы Колорадо Университеті ғалымдары балалардың бойындағы ұшқалақ мінезді қойдырудың жолын тапты. Бұл зерттеуді жүргізу үшін олар 3 жасар 150 баланы арнайы бақылауға алған,-деп жазады ҚазАқпарат The Daily Mail сайтына сүйеніп. 
Ғалымдардың пікірінше, балаға өзіне қатысты ұрсып, жеки бергеннен гөрі, оған қандай әрекетті істеу керектігі жайлы еске салып отыру, көп пайда береді.
Зерттеушілер тәжірибеге қатысқандарға өзін бақылауға қатысты ойын ойнатқан. Зерттеуде арнайы қораптардағы жасырынған заттар арқылы балалардың қабілеті сыналды. Нәтижесінде, балаға үлкендер тарапынан жәй ғана еске салу оның өз әрекетін, ой-қимылын бақылай алуына, ойын жинақтап шешім қабылдауына көмектесетінін көрсетті.



Пікір: 0
Пікір қосу