» » Лорд Коу: Ресей Бразилиядағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін

Лорд Коу: Ресей Бразилиядағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін

Лорд Коу: Ресей Бразилиядағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкінХалықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (ИААФ) президенті лорд Коу егер Ресей Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының басталуына дейін жаттығулар тәжірибесін және қауымдастық ережелеріне сәйкес допинг тексерісінен өтпесе, онда ресейлік спортшылар жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат Би-би-си сайтына сүйеніп. 
Today бағдарламасына берген сұхбатында лорд Коу: Ресей спортшылар «қысымнан қорғалған және қауіпсіз» жағдайда  жаттыға алатынын және өнер көрсете алатынын дәлелдеуі тиіс, Мәскеу бұл істі Олимпиада басталғанға дейін жасап үлгеретіні не үлгермейтіні өздеріне байланысты, - деді.
"Өзгерістер орын алмаса, онда допинг қабылдамағандар да ойындарға қатыса алмайды", - деді Коу.
Қарашада ИААФ кеңесі Ресейдің жарыстарға қатысуына уақытша тыйым салған.  
Халықаралық допингке қарсы агенттік комиссиясы (WADA) спортшылардың допинг қабылдауымен байланысты ереже бұзушылықтар салдарынан Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының қызметін уақытша тоқтатуды ұсынды.
ИААФ-тың бұл шешімі жеңіл атлетика бойынша Ресей құрамасының  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуына жол бермейді.  



Пікір: 0
Пікір қосу