» » Байзақ ауданында туберкулезге қарсы жаңа аурухана пайдалануға берілді

Байзақ ауданында туберкулезге қарсы жаңа аурухана пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Байзақ ауданы Мырзатай ауылы округінде 60 орындық туберкулезге қарсы аурухана пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау нысанының салтанатты ашылуына облыс басшысы Кәрім Көкрекбаев қатысты.
- Еліміз егемендік алғалы бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев денсаулық сақтау саласының ұлттық жүйесін жаңғыртуға үлкен мән беріп келеді.Халқымызда «Басты байлық - денсаулық» деген сөз бар.Бұл – халық денсаулығы үшін жасалып отырған қадам. Халық денсаулығы үшін жасалып отырған осындай жасампаз тірліктер жалғаса берсін, - деді өз сөзінде өңір басшысы К.Көкрекбаев.
Аурухана құрылысына 1 168,4 млн. теңге, ал медициналық құрал-жабдықтар үшін 149,6 млн.теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар нысанды жобалаумен құрылыс жұмыстарын «Национальный центр Құрылысконсалтинг» ЖШС мен «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС айналысты. Құрылыс жұмыстары өткен жылы сәуір айынан басталған.
Негізгі корпус үш қабаттан тұрады. Ауруханада 9 бөлім бар, сонымен қатар  амбулаторлық бөлім, арнаулы оқшауланған қабылдау бөлімі, әкімшілік бөлім, паталого - анотомиялық корпус, зарарсыздандыру орталығы, бактериологиялық зертхана және т.б.
60 орындық туберкулезге қарсы диспансер  Байзақ ауданы тұрғындарына жоғары кәсіби стационарлы медициналық көрсету және алдын-алу шараларын өткізумен қатар, туберкулезге шалдыққан науқастарға кешенді ем-дом  жүргізуге бағытталған. Жаңа емханада  барлығы 92 дәрігер, медбике еңбек етеді. 
Айта кетерлік жайт, 2014 жылы 1 301,3 млн. теңге  облыс бюджеті қаржысынан 25 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал ағымдағы  жылы 10 айдың қорытындысы бойынша, 2 денсаулық сақтау нысаны  ашылған.
2016 жылы Тараз қаласында 300 орындық көпсалалы аурухана мен Меркі мен Талас аудандарында 2 емхана пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Пікір: 0
Пікір қосу