
Ал солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарындағы ауа райына антициклон тау сілемдері әсер ететін болады. Оның орталығы Батыс Сібірде орналасқан. Сондықтан мұнда түнгі температура 15-20º аязға дейін төмендейді. Ол климаттық нормадан 4-8º төмен. Қалған аумақта ауа температурасы норма шамасында және одан 1-3º жоғары сақталады.