Тек көліктің астыңғы жағына бағыттаушы темір дөңгелектер орнатылады. Бес метр биіктікте салынатын көпірдегі бағыттаушы жүйе қиылыстарға келгенде өздігінен автоматты түрде ауысады. Ешқандай кедергі болмағандықтан, жолаушының діттеген жеріне жылдам жетуіне мүмкіндік береді. Педагог өз жобасының ірі қалалардағы көлік кептелісін шешуге сеп болатынына сенімді. Бұл экологиялық жағынан да тиімді. Құрылысы метроға қарағанда арзан әрі жылдам. Жалпы 156 млн АҚШ долларына бағаланған идея 5,5 жылда өзін-өзі толық ақтайды деп отыр. Махмудхан Тұрсынов өз жобасын патенттеп алыпты. Мұндай монорельстік көліктік жүйе әлемнің 55 елінде қолданылып келеді екен. «Алайда оның бірде-біреуінде троллейбусты жүргізу қаралмаған», - дейді ұстаз. Махмұдхан Тұрсынов, жоба авторы: - Еуразиялық патент беру ұйымында тіркелген. «Монокөліктік жүйе» деп аталады. 55 мемлекет ішінде мұндай монорельс жоқ. Сондықтан «Қазақ монорельсі» деп атасақ та болады деп ойлаймын.
- 16 қараша 2015 ж.
- 108
Шымкенттік оқытушы эстакадамен жүретін троллейбус ойлап тапты