«Мирзаевтың командасы, дәлірек айтсам, Eurasian Fight Nights компаниясының бас продюсері Камил Гаджиев 10 қазан күні бізге хабарласып, Расул Мирзаев жарақат алғанын және «Алтын Орда» турниріне қатыса алмайтынын айтты. Шынымды айтсам, біз біраз уақыттан бері осылай боларын сезіп жүргенбіз. Дегенмен, біз Камил Гаджиевтің уәдесіне сеніп, Мирзаевты турнирге қатысады деп жүрдік», - дейді Д.Қасқарауов.
Естеріңізге саламыз, аралас жекпе-жектен «Алтын Орда» халықаралық турнирі 17 қазан күні алматыда өтеді. Турнирде Alash Pride клубының мықты спортшылары – Арман Оспанов, Қайрат Ахметов, Ержан Естанов, Әділ Боранбаев, Евгений Егембердиев, Ерлан Тілеуімбетов, Махир Мамедов, Темірлан Айсаділов сынға түседі. Арман Оспановтың қарсыласының есімі таяу күндері белгілі болады.


