Меркі ауданындағы мектепке Темірбек Қожакеевтің есімі берілді
Тараз. Zhambylnews - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №56 қаулысына және Меркі ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №304 қаулысына сәйкес, Меркі ауданындағы №39 орта мектеп-гимназиясына қазақ баспасөзінің тарихы мен теориясын зерттеуші, әдебиетші әрі сыншы, қазақ сатирасы мен юморының тарихын алғаш зерттеп, негізін қалаған көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің есімі берілді.