
Жиын барысында Абай Құнанбаев оқулықтары көрмесіне шолу жүргізіліп, облыстық жас ақындар арасында Абай Құнанбаевқа арналған өлеңдер байқауы жарияланды. Байқау барысында әділқазылар алқасы қатысушылардың өлеңдерімен танысып, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Арайлы Жақсылық иеленсе, ІІ орынды Шынболат Сейдуалиев пен Сәндібек Пренов өзара бөлісті. ІІІ орын Ғалия Абылай мен Нұрлан Жұмабековке бұйырды.
Байқауға қатысқан үміткерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«ZhambylNews» АА