
Қазір отандық өнімге деген сұраныс елімізбен қатар көршілес Қырғызстан мен Түркіменстанда да артып отыр. Тараздық кәсіпорында негізінен құрамында сынабы бар энергия үнемдеуші шамдар жасайды. Оған қажетті шикізаттың басым бөлігі өзіміздің елден алынады. Тек диодты сәуле бөлетін кристалдар ғана шетелден тасымалданады. Қазір халық электр энергиясын үнемдеуге көшкендіктен отандық өнімге сұраныстың артқандығы байқалады дейді, - кәсіпорын басшысы. Құрманәлі Баратов, «Энерджи Тараз» ЖШС директоры: - Бұл 70% Қазақстанның өнімі. Металл, басқа заттар Қазақстанда шығады. Қазіргі таңда Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстанға шығарамыз деп отырмыз. Кәсіпорында жұмыс істейтін жүз адамның 30%-ының мүмкіндігі шектеулі. Олар жылына он бес мыңға дейін диодты шам құрастырады. Балжан Ахметованың осында еңбек еткеніне көп бола қойған жоқ. Аз уақытта тәжірибе жинап, жаңа технологияны меңгеріп алды. Балжан Ахметова конструктор: - Басқа жерлерде де жұмыс істегенмін. Осы сияқты ұнаған емес. Ұнағаннан кейін осы жерде қалып отырмын. Айлығымыз жақсы. Уақытылы аламыз. Жұмыс уақыты да тиімді. Зауыттан жылына 250-ден 2500 киловольт амперге дейін электр энергиясын жүйеге келтіретін, онға тарта трансформатор шығады.