Білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес, 2015-2016 оқу жылында 1 сыныпқа болжам бойынша 26 071 бала келеді деп күтілуде. 1 қыркүйек күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға берілетін болады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 23 млн. 864 мың теңге бөлініп, 26 мың 570 дана кітап сатып алынды.
Сонымен қатар, білім мекемелерінде «Сыйлыққа – оқулық», «Мектебіңе кітап сыйла» тақырыбында ақциялар ұйымдастырылып, өткізілуде.
2015 жылы оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес 4, 5, 6, 11 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне және 3 сыныптың ағылшын тілі, 7 сыныптың информатика пәні оқулықтарына тапсырыс беріліп, «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», «Арман ПВ», «Келешек-2030», Cambridge University Press», «Macmillan», «Жазушы», «Білім», «Фолиант» баспаларымен келісім-шарттар жасалынды.
Жалпы облыс бойынша оларды сатып алуға, тасымалдауға 918 млн 683 мың теңге бөлінді.
2015-2016 оқу жылында 1-11 сынып оқушылары оқулықтармен толық қамтылатын болады.
«ZhambylNews» АА







