Дүниежүзілік экономикалық форумда жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы рейтинг жарияланды.Есеп қорытындысы бойынша Қазақстан Ресейді үш орын артқа тастап, 140 елдің ішінде 42-орынға тұрақтаған. Бұл – Қазақстан үшін ең үздік көрсеткіш. Былтырғы рейтингпен салыстырғанда 8 тармақты жақсартып, алға жылжығанбыз. Көш басында осымен екінші жыл қатарынан Швейцария тұр. Екінші орынға Сингапур тұрақтаған. Ал үздік үштікті АҚШ түйіндеді. Алғашқы ондыққа Германия, Нидерланд, Жапония, Гонконг, Финляндия, Швеция және Ұлыбритания мемлекеттері кіреді.
Мақсат Мұқанов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы:
- Рейтингті саралап қарасақ, көш басында тек дамыған елдердің тұрғанын байқауға болады. Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойған еді. Ал қазіргі көрсеткіш біздің қаншалықты ілгері басып келе жатқанымызды айғақтайды. Рейтингтің тізгінін ұстап тұрған мемлекеттер – өте ауқатты елдер. Дмитрий Макаускас, «Ұлттық сараптамалық орталық» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары: - Бұл рейтингтің Қазақстан үшін маңызы зор. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандықтарға кәсіптен нәсіп табу жолында жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.
Источник: 24.kz




