» » Аймақтың үздік ұстаздары марапатталды

Аймақтың үздік ұстаздары марапатталды

Тараз. Zhambylnews - Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен  Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстаз – Ұлы есім!» атты облыс көлеміндегі салтанатты жиын болып өтті. 
Шара педагог мәртебесін көтеру, озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталды. Салтанатты жиынға үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, әлеуметтік әріптестер, еңбек ардагерлері мен үздік педагогтар, барлығы 941 білім қызметкері қатысты.  
Ағымдағы жылы ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Республикалық «Үздік педагог» байқауында облысымыздың   4 педагогі, «Жылдың ең үздік  психологы» республикалық байқауында 3 педагог, VІІІ республикалық «Инновациялық педагогикалық идеялар» фестивалінде 14 педагог, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 12 педагог жеңімпаз атанып, облыс командалық есепте  1-ші орынды иеленді.
«Үздік дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымы» республикалық конкурсында «Облыстық үш тілде білім беретін мамандандырылған  мектеп» бас жүлдеге ие болды. Бұл - облыс мектептеріндегі инновациялық бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесі.
Республикалық  «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» атты байқауда облыстық әдістемелік кабинет 2-ші орынды, «Жылдың үздік кітапханашысы» республикалық байқауында Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің кітапханашысы Г.Танысходжаева 3-ші, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» халықаралық педагогикалық олимпиадасында 8 ұстаз 1, 2, 3-ші  орындарды, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы ұйымдастырған республикалық «Үздік директор» байқауында облыстық дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының директоры Ахмет Гази Чолақ пен және «Үздік директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары» байқауында  Т.Рысқұлов ауданы №2 орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Сүлейменова  бас жүлделерді иеленсе, Қаратау гуманитарлық-техникалық  колледжі Женевада өткен             ХІV халықаралық байқауда «Халықаралық  жоғары және  орта кәсіптік білім беруді дамытудағы жетістіктер» номинациясында сапа үшін Европалық  бас жүлдені иеленіп, «Алтын үкі -  «Үздік білім мекемесі» сыйлығына ие болды.
 Салтанатты жиынның қорытынды бөлімінде жоғары шығармашылық әлеуетімен ерекшеленген үздік мұғалімдер дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу