» » Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы 486 адам тұрақты жұмыс тапты

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы 486 адам тұрақты жұмыс тапты

Тараз. Zhambylnews –Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша,  облыста 21 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген.  Шараға 2251 адам қатысқан, оның ішінде 896-і 16-29 жас аралығындағы жастар. 
Аталған жәрмеңкелерде 398 жұмыс берушіден 1164 жұмыс орындарына ұсыныс келіп түскен. Жәрмеңкелердің нәтижесінде 486 адам тұрақты (жастар – 248 адам) жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ақылы қоғамдық жұмыстарға 141 жұмыссыз (жастар – 26 адам), жастар тәжірибесіне 122 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 46 адам, кәсіби оқытуға 34 адам жолданды.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу