Кеше, яғни 15-нен 16 қыркүйекке қараған түні «Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Португалияның «Бенфикасымен» кездескен болатын,-деп жазады khabar.kz.
Кездесу 2:0 есебімен «Бенфика» командасының пайдасына шешілді. Қарсылас командада алғашқы голдың авторы Гайтан, ал отандастарымыздың қақпасына екінші допты Митроглу соқты. «Астананың» «Бенфикаға» қарсы қарымта матчының уақыты əзірге белгісіз. «Астана» топтық кезеңде енді «Астана-Арена» стадионында түркиялық «Галатасарай» командасына қарсы ойнайды.