» » Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталадыТек солтүстік-батыс бөліктері  атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде  найзағайлы өткінші жаңбыр жауады,-деп жазады khabar.kz
Кей жерлерінде жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-батысының  кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел  15-20 м/с күшейеді, найзағай болады. Атырау, Ақтөбе облыстарында найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болады, қалған көп бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.  Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.   

Пікір: 0
Пікір қосу