
Жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, кейбір мамандықтарға байқаудың жоғары болуынан түлектер грантқа ілікпеді. Яғни құқықтану, шығыстану, халықаралық қатынастар, ағылшын тілі, экономика мен медицина саласындағы мамандықтарға мыңдаған мектеп бітіруші үмітті болған. Айта кетейік, биыл 32168 білім гранты бөлініп, оған 67 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары: - Қазір ЖОО-ның басшыларымен келісуге сөз жүріп жатыр. Бұрынғы жылдардың тәжірибесін қарағанда жыл сайын бұл мәселе шешіледі. Екіншіден, бұл жерде тек ЖОО-ның ректорының гранты емес, жұмыс берушілердің де гранттары болуы мүмкін. Жұмыс берушілер өздерінің стипендияларын тағайындауы мүмкін. Үшіншіден, бұл жағдай болашақта жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.