» » Тараздықтар І сұрыпты ұнды арзан бағамен ала алады

Тараздықтар І сұрыпты ұнды арзан бағамен ала алады

Тараздықтар І сұрыпты ұнды арзан бағамен ала аладыЖамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі» Комиссиясы отырысының 17.07.2015 жылғы №45 хаттамасының және Жамбыл облысы әкімінің 17.07.2015 жылғы № 331-ө өкімінің негіздерінде облыстық азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорынан,  төменде көрсетілген мекенжайда орналасқан дүңгіршектер арқылы 1-сұрыпты ұн көтерме бағасы 59 теңге/кг, бөлшек сауда бағасы 75 теңге/кг сатылатыны жөнінде хабарлайды.
1. Абай көшесі («Смарт» супермаркеттің жанында);
2. Қаратау м/а (№2 үйдың жанында);
3. Талас м/а (№22 үйдің және «Виктория» дүкенінің жандарында);
4. Алатау м/а (№15 үйдің жанында);
5. Мыңбұлақ м/а (58 үйдің жанында);
6. Жансая м/а (№18 үйдің жанында);
7. Астана м/а (№30 үйдің жанында);
8. Коммуналдық базар (Жамбыл даңғылы мен Сатпаев көш. қиылысы).
 Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік тауарларын сатуға жауапты мекеме -  «Тараз» сауда-саттық компаниясы» ЖШС, мекен жайы: Тараз қ., Жүнісәлиев көш., 49 үй, тел: 43-34-41, 45-93-15, 1-сұрыпты ұнға деген сұраныстарыңызды тұрақтандыру қоры арқылы қанағаттандыруға шақырады. 
Сауда орындарының басшыларымен ұзақ мерзімді бірлестік құру мүмкіндіктері қарастырылған.
 
Пікір: 0
Пікір қосу