ESPN шолушысы Дэн Рафаэль өзінің «Твиттер» әлеуметтік желісінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 23 сәуірдегі кезекті кездесуі Лос-Анджелестегі Forum аренасында өтетіндігін жариялаған,-деп жазады khabar.kz. Сонымен бірге боксшының промоутері Том Леффлер де бокс өтетін жерді алдын ала резервке алғандығын хабарлайды. Өткен жылы осы аренада 17500 көрермен Геннадий Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегін тамашалаған болатын. Сол кездесуде GGG қарсыласын 6 раундта техникалық нокаутпен сұлатып, жеңіске жеткен еді. Айта кетейік, бұған дейін Том Леффлер кездесуді Нью-Йорктің Madison Square Garden залында өтетіндігін хабарлаған болатын. Алайда осы залда дәл сол күні UFC ұйымы өз турнирін өткізбекші.



