» » Ғалымдар: көк шәй адам ағзасы үшін зиянды

Ғалымдар: көк шәй адам ағзасы үшін зиянды

Шәй, ішсең көңілің жәй. Бірақ, америкалық ғалымдардың көк шәйға қатысты жасаған қорытындылары құлақ асуға тұрарлық,-деп жазады 24.kz informing.ru сайтына сүйеніп. 
Олардың айтуынша, сусынның бұл түрін шектен тыс көп ішу онкологиялық ауру тудыруы мүмкін екен.  Осы ретте жүргізілген тәжірибе барысында көк шәйдің адам ағзасына тигізетін әсері зерттелді. Анықталғандай, оның құрамында адамның генетикалық компонентінің санын арттыратын р53 атты зат болады екен. Ал көк шәйді шектен тыс көп ішкен кезде бұл заттың мөлшері артып, соңы онкологиялық дертке шалдығу қаупін тудырады.  Сол себепті ғалымдар көк шәйдің барлық қасиеттері толық зерттелмейінше, оны шектен тыс көп ішуді доғару керектігін алға тартты.

Пікір: 0
Пікір қосу