» » Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институтқа 50 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 26-27 қараша күндері информатика пәні мұғалімдерінің арасында V республикалық «Алтын диск» байқауын өткізді. 
Информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген V республикалық «Алтын диск» байқауында Жамбыл ауданы Гродеково орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Марал Туғанбаева ІІІ орынды иеленді. 
Сонымен қатар, республикалық педагогикалық идеялар фестивалі  өтті. Байқауда Жамбыл облысынан қатысқан 6 педагог қызметкердің барлығы (Қаратау гуманитарлық –техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Шүленбаева – І орын, Құлан ауылшаруашылығы колледжінің кәсіптік ағылшын тілі пәнінің оқытушысы В.Майтанова – ІІ орын, Тараз қаласы, №33 балабақшаның ғылыми жетекшісі Ы.Керімбаева, №35 балабақшаның әдіскері А.Досымбекова – ІІ орын,  Қордай ауданы, №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Бахрамова – ІІІ орын, Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің математика пәні мұғалімі А.Райымбек - грамота) жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

Пікір: 0
Пікір қосу