» » Жұмысқа қоғамдық көлікпен жету денсаулыққа пайдалы

Жұмысқа қоғамдық көлікпен жету денсаулыққа пайдалы

Жұмысқа қоғамдық көлікпен жету денсаулыққа пайдалыЖапон ғалымдары жұмысқа жеке автокөлікпен емес, қоғамдық көлікпен жетудің денсаулыққа пайдалы тұстарын анықтады. Атап айтқанда, қозалыстың бұл тәсілі қан қысымын азайтып, диабет пен артық салмақтың алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы мәлімдемесін ғалымдар Америка жүрек қауымдастығының жылсайынғы ғылыми сессиясында жариялады,-деп жазады bnews.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап. 
 Зерттеуге жапондық Осака қаласының 49 бен 53 жас аралығындағы 6 мыңға жуық тұрғыны қатысыпты. Олар екі топқа жіктелді – жұмысқа жеке көлігімен жететіндер және қоғамдық көлік немесе велосипед пайдаланатындар. Зерттеу 2015 пен 2015 жылдар арасында жүргізілген. 
Ғалымдар дәлелдегендей, жұмысқа бару кезінде қоғамдық көлік немесе велосипедті пайдалану артық салмақтың пайда болуын 44 пайызға, қан қысымының жоғарылауын 27 пайызға және жол жүру ұзақтығы 20 минут немесе одан жоғары болғанда диабеттің пайда болуын 34 пайызға азайтады-мыс. 
Енді, жапон ғалымдары шетелдік әріптестерімен келісіп, осындай зерттеуді шекара сыртында да жүргізсек дейді. Себебі олар жапондықтар семіздікке америкалықтардан гөрі бейімірек деген «қағидаға» күдікпен қарайды.  





Пікір: 0
Пікір қосу