» » Бүгін Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі

Бүгін Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі

Бүгін Жамбыл облысында көктайғақ күтіледіАтмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ болады. Желдің күшеюі күтіледі. Тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сүйеніп khabar.kz хабарлайды.  
Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.  Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.   Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с болады.  Күндіз Атырау облысында жел 17-22 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ күтіледі.  











Пікір: 0
Пікір қосу