» » «Тараз толқыны» үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалі ұйымдастырылды

«Тараз толқыны» үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалі ұйымдастырылды

«Тараз толқыны»  үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалі ұйымдастырылдыТараз. Zhambylnews - Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің Тұңғыш саябағында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдық мерекесіне орай «Тараз толқыны» атты үрмелі аспаптар оркестрлерінің  фестивалі өтті. 
Мерекелік іс-шара үрмелі аспаптар оркестрлерінің шеруімен басталды. Шеруге  Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Департаменті ұлттық гвардиясының №5513-ші бөлімінің «Әскери керней» үрмелі аспаптар оркестрі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі,  №85395 әскери бөлімінің оркестрлері  «Баласағұн» орталық концерт залының алдынан   саябақтағы орталық арканың алдына  дейін музыка әуенін ойнап келіп, дефеле жасап сахнға көтерілді.
Сахнада «Жібек жолы» «халықтық» эстрадалық оркестрі көпшіліктің назарына өз өнерлерін ұсынылды. Ары қарай концерттік бағдарлама  фестивальге қатысқан оркестірлер кезектесіп өнер туындыларын  көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу