Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қорда біршама өзгерістер жасауды ұсынды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды,-деп жазады nur.kz.Өмірзақ Шөкеев қорды өзгерту шеңберіндегі ойда бар дүниелерді жүзеге асыру үшін тәртіптің қажет екенін айтты.
"Өзгертулер шұғыл әрі тікеден-тік орындалу үшін”, – деді қордың басшысы.
"Ол тәртіпті кім орнатады?”, – деп сұрады Назарбаев.
"Өзгертулер тәртібі дегенім ғой, бүкіл холдинг бойынша сондай команданы тікеден-тік жіберу үшін менде құқықтың болғанын қалаймын”, – деп жауап берді Өмірзақ Шөкеев.
"Сені тыңдамай ма?”, – деп сөзін жалғады президент.
"Тыңдамайды дегенде, мысалы, мен өкілдіктер бойынша (шетелдегі "Самұрық-Қазына” – Авт.) бір жыл бұрын басқарма шешімін шығардым, бірақ түрлі себептермен ол өкілдіктер әлі жабылған жоқ”, – деді Өмірзақ Шөкеев.
"Сен жассың, білімдісің, күшің тасып тұр, саған өкілеттілік берілді, қызметің бар, сен мені тыңдамайды деп шағымданбақшысың ба? Тыңдаудың өзі ыңғайсыз. Кім тыңдамайды, ал айт? "Самұрық-Қазынада” Өмірзақты кім тыңдамайды?”, – деп сұрады мемлекет басшысы.
"Ол жерде мүдде жетерлік, маған сіздің бір ауыз сөзіңіз керек, болды”, – деп жауап берді Шөкеев.



