» » Аймақта ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары жүргізілуде

Аймақта ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары жүргізілуде

Аймақта ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары жүргізілудеАИТВ/ЖИТС-ті алдын алу ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазахстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Біздің облыста індет басыннан 998 адам АИТВ-инфекциясымен тіркелді, соның ішінде қайтыс болғандар саны 245 адам. Індеттің соңғы уақытында біздің облыста 102 АИТВ-инфекциясын жұқтырған әйелдер ана атанды. Оның ішінде 87-сі дені сау, індетке шалдықпаған балаларды туған бақытты аналар болды. Дәрігерлер тек 5 баладан АИТВ-инфекциясын мәлімдеді. Өмір сүру сапасын жақсарту үшін 295 АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар антиретровирустық терапиясын қабылдап жүр.
Казіргі танда бізде ЖИТС-ті жою үшін қажетті білім мен медициналық құрал-жабдықтар жеткілікті. Қазіргі кезең ЖИТС індет соңының басы болады ма, ол біздің бүгін қандай шешім қабылдағанымызға тәуелді.
БҰҰ бірлескен бағдарламасы АИТВ/ЖИТС бойынша 2015 ж. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күресудің «Мақсатқа бағытталу жолында: АИТВ-мен өмір сүретін  адамдардың 90%-ы өздерінің АИТВ-жағдайларын біледі; АИТВ-инфекциясы диагнозы  бар адамдардың 90%-ы АРТ қабылдайтын болады; АРТ қабылдайтын 90% адамда вирустық басылу орын алады» атты тақырыбын жариялады. Егер АИТВ диагнозын ерте қойса, антиретровирустық терапиясын (АРТ) ертерек қабылдауға болады және сол адамдар толыққанды өмірге ұзақ жылдар жасай алатын вирус басылымы болатындығын білдіреді.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күресудің шеңберінде облыста «АИТВ-ға тестілеу» акциясы өтуде. Тестілеуден өтуге, тегін өз қалауымен мекен-жайы бойынша Тараз қаласы, Салтанат 29а мөлтек ауданында, 111, 201, 203 кабинеттерінде өтуге болады. Тел.: 34-64-61, 56-94-02.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғ.  Садибекова

Пікір: 0
Пікір қосу