» » Шуда тасқа тіл бітірген талант тұрады

Шуда тасқа тіл бітірген талант тұрады

Шуда тасқа тіл бітірген талант тұрадыЖамбыл облысының Шу ауданында қара тасқа тіл бітірген мүсінші тұрады. Ол заманның өзіне тән келбеті мен рухани көрінісін байланыстырып, тас бетіне түсірумен айналысады. Оның туындылары Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойында қонақтардың назарына ұсынылған,-деп жазады 24.kz
Қазір мүсінші шәкірт тәрбиелеп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келеді. Мүсіншінің әрбір жұмысы тарихи кезеңдермен тікелей байланысты. Оның туындыларының қатарында қиын-қыстау заманда қол бастаған батырлардың бейнесі, «Отан ана», «Кісен ашқан» сынды 20-дан астам жұмыс бар. Қазір ол «Қауышу» деп аталатын мүсінді жасаумен айналасып жатыр. Қали Қораласбаев, мүсінші: - Кезіндегі өзінің жоғалтып алған перзенті мен ананың жасы келген кездегі бір-бірімен қауышып жатқан жұмысты жасағым келіп отыр. Тағы 1-2 жылдың төңірегіне бұл жұмысты бітіріп қалармын. Мүсіншіге тек тастың өзін таңдау үшін бірнеше ай уақыт керек. Ал оған бейне түсіріп немесе мүсін жасап шығу үшін 2-3 жыл тер төгеді. Қали Қораласбаев, мүсінші: - Біз көшіп-қонып жүрген Ұлы дала перзенттеріміз. Сондықтан өмірімізді әр саймен, әр таспен байланыстымыз. Солардың арасында көзі жоқ әрі піскен тастарды аламын. Оны танудың өзі оған шеберлікті қажет етеді. Кез келген тастардан мүсін ойып шығара алмаймыз. Қали Қораласбаев қазір бірнеше шәкірт тәрбиеліп, қыр-сырын үйретуде. Бірақ жастардың көбі өнердің бұл түріне шыдай бермейді екен. Сондықтан ең төзімділері мен еңбекқор дегендері қалыпты.  Еркебұлан Нұржау, шәкірті: - Ағаш сияқты емес. Оны оюға келмейді. Сондықтан оны ұрғылау бағытында жасаймыз. Қатты ұруға да болмайды. Өзінің арнайы құралдары болады. Қолмен ұстағанда әрбір затты сезініп істейсің. Сезінгеннен кейін оны жарып алмауға әрекет жасайсың. Мүсінші ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті. Ол келесі жылы Астана қаласында «Ашық аспан астындағы тас мүсіндер» атты арнайы жеке көрмесін өткізбек.



Пікір: 0
Пікір қосу