
Ол музыкамен әуестеніп, модельдік бизнеске бет бұруда. Бүгінде Конрадтың Instagram-да 56 мыңнан астам оқырманы бар көрінеді. Аннеруд өзінің танымал актермен ұқсастығын мақтан тұтатынын айтып, кей кездері Ди Каприоның жанкүйерлері оны жұлдыздың өзімен шатастырып жататынын алға тартты. «Бұл танымалдылық кейде әбден қажытып жібереді, бірақ Леоға ұқсастығым мені өзгелерден бір саты жоғарылатады», - деп ағынан жарылды жас жігіт.