» » «Астана» – «Атлетико» матчында беларусиялық мамандар төрелік етеді

«Астана» – «Атлетико» матчында беларусиялық мамандар төрелік етеді

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында қазақстандық «Астана» мен испаниялық «Атлетико» арасында өтетін матчта Алексей Кульбаков бастаған беларусиялық мамандар төрелік етеді,- деп хабарлайды Bnews.kz.
Кульбаковқа көмектесетін қосалқы төрешілер – Виталий Малютин және Олег Маслянко, төртінші рефери болып Дмитрий Жук тағайындалды.
Естеріңізге саламыз, «Астана» мен «Атлетико» арасындағы матч қазанның 21-інен 22-іне қараған түні Испания астанасы Мадрид қаласындағы «Висенте Кальдерон» стадионында өтеді. Қазақстандықтар бұл ойынды сағат 00:45-те «ТАҢ» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.



Пікір: 0
Пікір қосу