» » Таразда қолөнер байқауы өтті

Таразда қолөнер байқауы өтті

Таразда қолөнер байқауы өттіТараз. Zhambylnews - Тараз қаласындағы  №43 орта мектебінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық дәстүр – сарқылмас қазына» тақырыбына қолөнер байқауы өтті.
Шара жастар арасында ұлттық өнерді насихаттау, жастардың қолөнер шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға 6 орта мектептерінің жас шеберлері қатысып, шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Көрмеге ұлттық нақышта табиғи заттардан жасалған дүниелер, ши және жүннен тоқылған бұйымдар, «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекесіне дайындаған картиналар, құрақ көрпелер және т.б. еңбектері қойылды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды № 37 орта мектебі иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды №48 орта мектебі мен №43 орта мектебі өзара бөлісті.
Байқауға қатысқан жас шеберлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу