» » Өңірде коммуналдық инфрақұрылым жаңаратын болады

Өңірде коммуналдық инфрақұрылым жаңаратын болады


Тараз. Zhambylnews –Өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында коммуналдық инфрақұрылым жаңаратын болады.  Бұл үшін құны 1465, 9 млн. теңге болатын 5 жоба жүзеге асырылады.
Жоспар бойынша, 14 гектар аумақты алып жатқан «Арай» иініне су, газ, канализация желілері тартылып, телефон байланысы орнатылады.
«Сүлейменов» көшесінің аяғында орналасқан тұрғын үйлерге ішкі су құбырлары жүргізілсе, Қойбақов, Гамалея, Асқаров көшелерінің жылу жүйелері жаңғыртылады. Сарысу ауданындағы  «Жаңатас Су-Жылу» мекемесінің орталық қазандығы ауыстырылады.
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанк Қазақстан» АҚ арқылы «Арай» иініндегі 65 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын аяқтау және 57,2 млн. теңгеге жаңа көппәтерлі үй салу жоспарлануда.   
 
«ZhambylNews» АА

Пікір: 0
Пікір қосу