» » Жол бойына лақтырылған сәби анасының өлімі расталмады

Жол бойына лақтырылған сәби анасының өлімі расталмады

Соңғы күндері әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында Талас ауданында жол бойына лақтырылған сәби анасының қайтыс болғандығы  туралы ақпарат тараған болатын. 
Осы ақпараттың қаншалықты рас екенін анықтау мақсатында "ZhambylNews" ақпарат агенттігінің тілшілері аймақтың Ішкі Істер Департаменті және Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметтерімен байланысты. Ресми тұлғалар бұл хабарды растамай, сәби анасының аман-сау екенін, өміріне еш қауіп төніп тұрмаған айтты.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Жамбыл облысы Ақкөл ауданындағы жол бойынан көлік терезесінен лақтырылғын сәби денесі табылған болатын. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Пікір: 0
Пікір қосу