» » Жамбылда болған әуе апатынына экипаж мүшелерінің өздері кінәлі

Жамбылда болған әуе апатынына экипаж мүшелерінің өздері кінәлі

Жыл басында Жамбылда болған әуе апатынына экипаж мүшелерінің өздері кінәлі. Бас көлік прокуратурасы АН-2 ұшағының жерге құлауының бірнеше себебін мәлімдеді, дуп хабарлайды 31.kz 
Біріншіден төтенше жағдай кезінде экипаж мүшелері дұрыс іс -қимыл жасамаған. Яғни жедел қондыру кезінде жердің дұрыс бағытын таңдамаған. Сондай-ақ «OLIMP AIR» серіктестігінің әуекомпаниясы ұшу кезінде тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етпеген. Әуекомпания директоры белгіленген тәртіпке сай екі ұшқышты да арнайы дайындықтан және міндетті медициналық тексеруден өтуін қадағаламаған. Апат болған Шатыркөл маңында болған төтенше жағдайда ұшқыштардың уақытша қону алаңы мен іс  -әрекет жобасы жасалмаған. Қазір экипаж мүшелері қаза тапқаннан соң оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ал «OLIMP AIR» компаниясының директоры Владимир Круч апатқа күдікті ретінде танылды. Белгілі болғандай директорға қатысты іс Жамбыл облысы Шу аудандық сотына жолданды.



Пікір: 0
Пікір қосу