Тараз. Zhambylnews - Тараз қаласында сыйымдылығы 40-50 литр болатын қос құмыра табылды. Бұл көне жәдігерді Қазыбек би көшесінде тұратын Борис Самаев үйінің ауласынан жертөле қазу барысында байқайды. Жұмысшылардың күрегі шамамен 170 сантиметрдей қазған соң қатты затқа тиеді. Топырақты әрі қарай аршығанда екі үлкен құмыра көрінеді. Бір құмыраның бүйірі қазу барысында сынып кетеді.
Беті таспен жабылған қос құмыраның сыйымдылығы- 40-50 литр. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова көне жәдігелерде астық сақталған болуы, үй ауласы қойма ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін айтады.
Жуырда бұл жерде археологиялық жұмыстар басталады.
«ZhambylNews» АА



