» » Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді

Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді

Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді«Қара алтынның» әлемдік бағасы біртіндеп өсіп келеді. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды Bnews.kz gazeta.ru сайтына сүйеніп.
Мәскеу уақытымен сағат 08.45-тегі деректер бойынша, солтүстіктеңіздік Brent қоспасының қараша айындағы фьючерстерінің құны 0,20%-ға, барреліне 49,85 долларға дейін көтерілді. 
Ал WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,15%-ға, барреліне 47,22 долларға дейін өсті. 
Сәрсенбі, 16 қыркүйекте мұнайдың әлемдік бағасы соңғы жеті айдағы ең төменгі көрсеткіштен кейін бірден 6%-ға шарықтап кеткен болатын. 
«Қара алтынның» қымбаттауына АҚШ Федеральды резервінің пайыздық мөлшерлемені көтеру немесе сол күйінде қалдыруға қатысты жасайтын мәлімдемесі әсер еткен

Пікір: 0
Пікір қосу