» » Елбасы Дмитрий Медведевті 50 жасқа толуымен құттықтады

Елбасы Дмитрий Медведевті 50 жасқа толуымен құттықтады

Елбасы Дмитрий Медведевті 50 жасқа толуымен құттықтадыҚазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке оның 50 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жолдады,-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 
Елбасы құттықтауында Д.Медведевтің жігерлілігі мен алысты болжай білетіндігін, сондай-ақ Ресейдің қарқынды дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы биік беделін атап өткен.
«Біздің арамызда қалыптасқан деңгейі биік сенім мен өзара түсіністік алдағы уақытта да елдеріміздің серіктестік рухы мен одақтастығын нығайтуға қызмет ете беретініне сенімдімін», – делінген құттықтауда.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметі төрағасына мықты денсаулық, бақыт және игілік тіледі. 



Пікір: 0
Пікір қосу