
«Бүгінде Қазақстанда энергия тиімділігі қорын құру мәселесін талқылап жатырмыз. Біз, өз тарапымыздан көмек көрсетуге әзірміз, Қазақстандағы серіктестерімізбен бұл қордың тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстарын жалғастырамыз», - дейді Р.Ламек.
Бұл қор 2016 жылы жұмысын бастайды деп көзделіп отыр. Дүниежүзілік банк өкілінің айтуынша, мұндай қордың болуы өнеркәсіп, әлеуметтік секторларда энергия тиімділігін арттыру бағдарламасын кең көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
«Бұл жұмыс ақыр соңында Қазақстанды көшбасшылардың қатарына шығарады деген ойдамыз», - дейді ол.
«Біздің банк Қазақстан энергия үнемдеу бағытында маңызды қадамдар жасап жатыр деп есептейді. Президент бұл салада зор мақсат-міндеттер қойып отыр. Соңғы бес жылда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген», - дейді Р.Ламек.