» » Қазақстан УЕФА рейтингінде Словакияны қуып жетті

Қазақстан УЕФА рейтингінде Словакияны қуып жетті

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» клубы кипрлік АПОЭЛ-ді жеңгеннен кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде Словакияны қуып жетті,-деп хабарлайды Bnews.kz.
Словакия бұл тізімде 30-орында, ал Қазақстан 31-орынға жайғасты. Екі елдің активінде де 11.750 ұпайдан бар.
Еуропа Кубоктарында Қазақстан атынан екі команда – «Астана» мен «Қайрат» сынға түсіп жүр, ал Словакия атынан Еуропа Лигасына бір ғана клуб «Жилина» өтті.
Естеріңізге саламыз, бүгін кешке алматылық «Қайрат» Францияда «Бордо» клубына қарсы алғашқы ойынын өткізеді.
Айта кету керек, клубтық рейтингте «Астана» 6.100 ұпаймен 222-орында, ал кипрлік АПОЭЛ 35.810 ұпаймен 49-орында тұр.



Пікір: 0
Пікір қосу