» » Беймәлім жануардың суреті ғаламторда пікірталас тудырды

Беймәлім жануардың суреті ғаламторда пікірталас тудырды

Ғаламторда пайда болған белгісіз жануардың суреті жалпақ жұрттың пікірталасын тудырды. «Таяуда Instagram-да түр-сипаты ерекше жануардың суретін көрдім. Бұрын-соңды мұндай аң кездеспегендіктен, оның фотосын желіге жарияладым», - делінген пайдаланушының хабарламасында. Бұл туралы 24.kz жазады.
Расында да, суреттегі жануар қонжық әрі итке ұқсайды. Кейбіреулердің айтуынша, бұл Оңтүстік Американы мекендейтін жыртқыш тұқымдас ит болуы мүмкін. Жалпы суретті Reddit атты пайдаланушы жариялап, «Біреу мына аюды иттерге арналған уақытша паналау орталығында қалдырып кетіпті» деп жазған. Бірақ, соңында бұл жануардың померандық шпиц тұқымынан шыққан ит екенін айтқан. Алайда аңның шығу тегіне қатысты екі топқа жарылған пайдаланушылар енді мұны анықтау үшін сауалнама жүргізуді ұйғарыпты. 

Пікір: 0
Пікір қосу