» » Ғалымдар дүкен аралау адамды бақытты ететінін дәлелдеді

Ғалымдар дүкен аралау адамды бақытты ететінін дәлелдеді

Психологтар зерттеу жүргізіп, дүкенге барып, заттарды сатып алу адамдарды бақытты ете алатынын байқады.  Зерттеу нәтижесі Social Psychological and Personality Science журналында жарияланды,-деп жазады ҚазАқпарат.
Ғалымдар шопинг адамның эмоционалдық жағдайына жақсы әсер ететінін дәлелдеді.
Зерттеуге студенттер қатысты. Олар бірнеше апта бойы ойларын жазып отырды. Кейін шопингке барып, тағы не ойлайтыны жайлы жазды.
Психологтар атап өткендей, нәрселерді сатып алған студенттердің көңілі көтерілгенін көрді.
Атап өту керек, ғалымдар материалдық емес сипаттағы сатып алуларға да назар аударды. Осылайша, мысалы, театр немесе киноға алынған билеттер қысқа мерзімге болса да, сатып алған нәрсеге қарағанда көбірек бақыт сыйлайды екен.  



Пікір: 0
Пікір қосу