» » Австралиялық бойжеткен 40 келіге арықтаймын деп өмірімен қош айтыса жаздады (ФОТО)

Австралиялық бойжеткен 40 келіге арықтаймын деп өмірімен қош айтыса жаздады (ФОТО)

Австралиялық бойжеткен 40 келіге арықтаймын деп өмірімен қош айтыса жаздады (ФОТО)Мельбурнде 17 жастағы мектеп оқушысы Эллен Литцов сыныптастары мазақ ете берген соң, арықтауға бел буады. Жасөпірімдер оны қатарларына қоспай, «борсықсың» деп келемеждеген,-деп жазады ҚазАқпарат
Бұған намыстанған қыз арықтау шараларына кіріскен.
Бастапқыда ол балық, көкөністер ғана жеген. Кейін  мұны жеткіліксіз санап,  буға әзірленген  қырыққабат пен алма қабығын ғана жеуге көшеді.
Толықсыған ақ сары қыз бірден  тірі қаңқаға айналды. Өзіне қатаң талап қойған Литцов бірнеше айдан кейін  қырық келіге арықтады.
Тіпті кейде тамақ жеп-ішуден бас тартқан кездері де болған. Ал салмағы 35 келіге түскен шақта жүруі қиындап,  мектепке барудан қалды.
Анасы жедел жәрдем шақырып, қызын ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер оның сауығып кетуі үшін барынша күш салып, қызды о дүниеден қайтарып алды десе де болады.
Қазір Эллен өзін біршама жақсы сезінуде.


Пікір: 0
Пікір қосу