» » Қазақстанда арақ-шарап салығы 15%-ға өседі

Қазақстанда арақ-шарап салығы 15%-ға өседі

Қазақстанда арақ-шарап салығы 15%-ға өседіҚазақстанда алкоголь өнімдеріне салынатын акциз мөлшерлемесі 15%-ға өседі. Бүгiн Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді қабылдады,-деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 
«Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістерді қарап шығып, аталған заң жобасын ағымдағы жылы 30 қыркүйегінде бірінші оқылымда, 7 қазан күні екінші оқылымда мақұлдап, Сенатта қабылданған 159 түзетумен жіберілгенін еске салады. Заң жобасында Сенат 5 түзету енгізді. Олардың ішінде бір түзету алкоголь өніміне коньяк, бренди, шарап, шарап материалы, сыра және сыра сусынынан басқа акциздер мөлшерлемесін қайта қарауға қатысты. Бұл ретте заң жобасын Мәжілісте қарастырғанда Кеден одағындағы әріптес елдерде қабылданғандай, алкоголь өніміне салықтың қолданыстағы акциз ставкасын келесі үш жылға өзгеріссіз қалдыру жөніндегі түзету депутаттармен енгізілген. Бірақ ол уақытта Үкімет ондай шараға дайын болмағандықтан, өзінің қорытыдысымен Мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдамады. Заң жобасын Сенатта қарау барысында Үкімет өз шешімін қайта қарап, алкоголь өніміне акциз ставкасын күтіліп отырған 30 пайыздық өсімнен Сенатпен ұсынылған қолданыстағы ставканы 10-ға емес, 15 пайызға ұлғайту жөнінде шешім қабылдады. Сенат енгізген түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді», - деді Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Оспанов. 
Айта кетейік, заң жобасы салықтық және кедендік әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру жолымен қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру мақсатында әзірленді. Заң жобасында салық саясаты бойынша бірқатар түзетулер көзделген. Атап өтсек, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрудың шекті мөлшерін 59,4 млн теңгеден 6,4 млн теңгеге төмендету, тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін нормалардың қолданылу мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу алымын төлеуді алып тастау, геологиялық барлау жұмысы кезеңі ішінде жиналған қосылған құн салығын бес жылдың ішінде қайтару, тамақ өнеркәсібіне, жер асты суларын өндіруге салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін Үкімет ұсынып отырған бір айлық есептік көрсеткіштің 25%-на дейін төмендету қарастырылып отыр.



Пікір: 0
Пікір қосу