
Бүгіннің өзінде JPEG 2000 - JPSEC форматында суреттерді көшірудің сандық форматтағы құқығын басқару жүйесі бар. Ол медициналық мақсатта, телешоулар мен кино түсіру барысында қолданылады. DRM (авторлық құқықты қорғаудың техникалық құралдары) орнатылған суреттерді оның авторының рұқсатынсыз пайдалануға келмейтін болады. Бұл бейнелерді қолданып, коллаждар мен интернет-мемдерді жасай алмайсыз. Бірақ бұл суреттердің нақты қай жерде түсірілгені туралы метадеректерді жасыруға мүмкіндік береді.