» » Жамбыл облысында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

Жамбыл облысында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

19 қазан - Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау қызметіне 20 жыл толып отыр.   Егемендігімізді алғаннан бері Азаматтық қорғау мен төтенше жағдайларда әрекет ету жүйесінің қалыптасуы және дамуы біраз ұзақ жолдан өтті. Төтенше жағдайлар қызметі айтарлықтай көптеген жетістіктерге жетіп, тәжірибелерге қол жеткізді. 
Апатты болдырмау, халықтың өмірін сақтап қалу - Азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлері қызметінің басты нәтижесі, жеңісі және табыс көрсеткіші.  Еліміздің барлық бұрышындағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті жұмысы міне осыған бағытталған.
Комитет қызметкерлері -   Төтенше жағдайларда жедел әрекет жасауды, жоюды, адам өмірін арашалауды, шығындарды болдырмау және қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді жылдан жылға жоғары деңгейде атқарып келеді.  Біздің құтқарушыларымыз бен өрт сөндірушілеріміз өздерінің ерліктерімен, батылдықтарымен және қажырлы еңбектерімен республикамыздың азаматтары алдында лайықты құрметке ие.  
Тек 2014 жылдың өзінде ғана 431 адамның өмірін сақтап қалып, 956 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 11 зардап шеккен адамға алғашқы медециналық көмек көрсетілген. 
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелері үнемі Жамбыл облысының басшылығы назарында. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мәселесін жедел және сапалы атқарылуда. 
Тараз қалалық мәдениет үйінде Құтқарушылар қызметінің құрылған күніне 20 жыл толуына орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында заманауи құтқару техникалары мен жарақтары ел назарына ұсынылды. Сонымен қатар салтанатты жиналыс өткізіліп, бірқатар қызметкерлер ведомстволық және өзге де наградалармен марапатталды. Одан әрі мерекелік концертке ұласты. Айта кеткен жөн, аталған ісшараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де қатысты. 
Сондай-ақ сала ардагерлерінің де атқарған жемімсті еңбегінің үлесі мол екендігін атап өткен жөн. Ардагерле кеңесінің жылдар бойы атқарған сан қырлы қызметі шексіз құрметке лайық.  Ардагерлер Кеңесі жасұрпақты патриотты тәрбиелеуде, Қазақстан Респубикасы Ішкі істер министрлігі Төтенеш жағдайлар комитетінің беделін көтеруде үлкен үлес қосуда, және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен қайсарлықтары бүгінгі ұрпаққа өнеге. 
Бүгінде халықты төтенше жағдайлардан қорғау қызметін кейінгі өскелең ұрпақ одан әрі жалғастыруда. Қызметін айрықша атқарғаны үшін бірнеше қызметкерлердің  марапаталуы осының дәлелі іспетті. 
Өз жанкештіліктерімен, шексіз ерліктерімен еліміздің қауіпсіздігін орнықтыруда орасан зор үлес қосып жүрген құтқарушыларымызға жемісті еңбек, зор денсаулық және Отанымыздың өсіп өркендеу жолындағы   қызметінде жаңа жеңістіктер мен табысқа жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Сәуле Мұнатаева, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департамемнтінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы 

Пікір: 0
Пікір қосу