» » Астанада суықтан қорғайтын аялдама қолданысқа берілді

Астанада суықтан қорғайтын аялдама қолданысқа берілді

Астанада суықтан қорғайтын аялдама қолданысқа берілдіСарыарқаның суығында қанша сағат қоғамдық көлік күтсеңіз де тоңбайсыз. Бүгіннен бастап елордада жабық, жылы, заманауи автобус аялдамасы қолданысқа берілді,-деп жазады 24.kz
Жылы, кең бөлмеде бейнебақылау камерасы мен Wi-Fi орнатылған. Автобустардың жүру бағыты белгіленген нұсқаулық та осында. Бір мезетте 30-40 жолаушы жылы жерде қоғамдық көлік күте алады. Халық көп жүретін, әсіресе әлеуметтік нысандарға жақын жерлерге 82 аялдама орнатылмақ. Ал 25 аялдаманы жыл соңына дейін халық игілігіне беру жоспарланған. Айта кетейік, әзірге мұндай аялдама Астанада біреу ғана.

Пікір: 0
Пікір қосу