» » Облыс әкімі «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарын тапсырды

Облыс әкімі «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарын тапсырды

Тараз. Zhambylnews - Осыдан дәл 20 жыл бұрын 30 тамызда бүкілхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата заңы-Конституциясы қабылданған болатын. Мерейлі мерекеге орай Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев Баласағұн орталық концерт залында өткен салтанатты жиынға қатысты.
Ата Заң - мемлекеттіліктің маңызды белгісі, оның бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Ол  латын тілінен аударғанда  құрылым деген мағынаны білдіреді. Аймақ басшысы шара барысында ел дамуына елеулі үлес қосып, еңбектерінде табысқа жеткен 35 азаматты мерекелік медальмен және Құрмет грамотасымен марапаттады.
Конституция мемлекеттің негізгі әрі басты заңы, ол елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие.  Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Біздің мемлекетіміздің Ата Заңы 9 бөлім, 98 баптан тұрады. 
Ата  Заң-азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі. Онда мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халық екені көрсетілген.  Ол 20 жыл бойы тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болып келеді. Ендеше, тәуелсіздігіміздің түп қазығы, айбынды Ата заңымыз тұғырлы болсын!
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу